БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Н.А. НОҒАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлы қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.

  • Сұрақтар: 52
  • Жауаптар: 52
  • 26.08.2013
  • 28.08.2013
  • Аким Западно-Казахстанской области

Мухамед-Рахим 28.08.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сәлеметсіз бе! Тұрғын үйлер арасында иесіз үйі бар бос жатқан жер бар, ол бұрын зауыт меншігінде болған, кейіннен бұл үй бір үйге берілді, бірақ ол үйді жекешеліндірмеген, қайтыс болғанына да біраз болды. Осы иесіз қалған үйді қалай жекешелендіруге болады? Кімге бару қажет? Орал қаласы.

Администратор 28.08.2013

Құрметті Мухамед-Рахим! Сізге Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй және жекешелендіру секторына жолығуыңыз қажет . Мекенжайы - (Фрунзе көшесі, 127«а»-үй, қабылдау уақыты: дүйсенбі-бейсенбі сағ. 09.00-18.30-га дейін).