ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӨҢІРЛІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ БОЙЫНША КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ Б.А.СМАҒҰЛОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЕЛБАСЫНЫҢ "ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛ - 2050: БІР ТАҒДЫР, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ" ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ МЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрілігің жер ресурстарын басқару бойынша комитеті Елбасының "Қазақстандық жол - 2050: Бір тағдыр, Бір мүдде, Бір болашақ" Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру мен жүзеге асыру жолдары бойынша Интернет-конференция өткізеді. Барлық сұрақтарға жауаптар "электрондық үкімет" веб-порталында а.ж. 11 маусымында жарияланатын болады.
- Сұрақтар: 20
- Жауаптар: 18
- 11.06.2014
- 11.06.2014
- Rомитетінің Төрағасы
Аскарова Индира Жангазыевна 11.06.2014, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсіз бе! Мен Қызылорда қаласынан хабарласқалы отырмын. Сізге қояр бірнеше сұрағым бар еді. Менің жолдасым, 2 балам бар жас отбасымыз. Жолдасым үйінің үлкені болып бөлек шықтық. Қазіргі таңда пәтер жалдап турып жатырмыз. Мен 2005 жылдың қыркүйек айының 29-шы жұлдызында жерге арыз беріп, №14044 тіркелдім. Енді осы жерді қашан аламын? Жолдасымның да 2005 жылы тамыз айының 4-ші жұлдызында № 11212 тіркелген арызы бар. Осы екі арыздың ең болмаса біреуін қашан алады екенбіз? Күте-күте күннен күнге үмітіміз үзіліп барады. Жер алып үй салсақ деген арман алыстап барады. Біз өзіміз үшін емес, балаларымыз үшін уайымдаймыз. 10 жыл деген аз уақыт емес. Сіз қол ұшыңызды беріп қандай да болсын бір көмегіңіз тие ме деген үмітпен жазып отырмын. Сізге алдын-ала рахмет.
Администратор 11.06.2014
Сәлеметсіз бе, Индира! ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жер учаскелерін беру жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-бабаның 2-тармағына сәйкес, жер учаскелерiн меншiкке немесе жер пайдалануға берудi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады. Осыған орай, Сіздің сұрағыңыз бойынша жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға жүгінуді ұсынамын.