ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ С.Р.МУСИНОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЕЛБАСЫНЫҢ "ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛ - 2050: БІР ТАҒДЫР, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ" ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ МЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі Елбасының "Қазақстандық жол - 2050: Бір тағдыр, Бір мүдде, Бір болашақ" Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру мен жүзеге асыру жолдары бойынша Интернет-конференция өткізеді. Барлық сұрақтарға жауаптар "электрондық үкімет" веб-порталында а.ж. 20 маусымында жарияланатын болады.

  • Сұрақтар: 25
  • Жауаптар: 25
  • 20.06.2014
  • 20.06.2014
  • ҚР ДСМ Жауапты хатшысы

Ережепбаева Рахат Даткабековна 20.06.2014, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Салеметсіздерме!Менің анамның журеги ауырады.Аты -жөні Ережепбаева Шынжыркүл.Жасы - 60 та.диагноз нестабильная стенокардия. приступ берип ауырганда Каратау каласы ауруханасы кабылдамай койды, орын жок, порталмен кел деп. егер емделмесе енди инфаркт алуы мумкин. облыстык ауруханамен сойлессек скорыймен әкел диди ал скорыйдагылар инфарктка подозрение болса гана апарамыз диди. сонда анамның инфаркт алганын кутуимиз керек пе емделу ушин. кәні қол жетімді болады денсаулық сақтау деген. портал деген киындык тугызды гой коп. не истесе болады анам ауруханаға жатып, ертерек ем алуы ушин? енди порталга турайын деп барса Қаратауда кардиолог командировкада депти, орнында заменде ешким жоқ.сонда қалай, кимге барып турады порталға.Көмектесиниздерши өтінемін!

Администратор 21.06.2014

Құрметті Рахат! Сіздің анаңыз емдеуге жатқызуға айғақтар болған жағдайда шұғыл түрде емдеуге жатқызу порталынсыз Қаратау қалалық ауруханасына емдеуге жатқызылуы тиіс. Мен медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетіне аталған ауруханада көмек көрсетудің сақталмау себептерін анықтау жұмысын жүргізуге және Сізге одан кейін жауап беруге тапсырма беремін. Емханада кардиолог-дәрігер болмаған жағдайда, емдеуге жатқызу порталына жолдаманы учаскелік дәрігер береді. Сіз қажет сұрақтарыңызбен Жамбыл облысынының Денсаулық сақтау басқармасына хабарласуыңызға болады, тел: қабылдау – 43-75-77, 51-26-22.