АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Б. МҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Ақтөбе облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 28
- Жауаптар: 28
- 13.05.2013
- 15.05.2013
- Ақтөбе облысының әкімі
Ерғалиев Мирасбек Әбдірешұлы 13.05.2013, Сұрақ нөмірі:
Саламатсызба.Президентіміздің халыктың 30% СПОРТПЕН спортпен айналысу керек деген сөзі бар,халыққа спорттық аландар тегін қызмет көрсетсін және халықтың спортпен айналысуына барлық жағдай жасалсын деген тапсырмасы бар.Қарапайым халықтың ақысыз спортпен айналысуына қандай жағдайлар жасалып жатыр?Неге футбол алаңдарында тегін ойнауға мүмкіндік жоқ?Мен Шанхай ауданында тұрам.Біздің ауданда ешқандай футбол алаңы жоқ.Біз бұрынғы Химик стадионының спорт залын сағатына 5000теңгеге жалдап ойнаймыз,бұл заңдыма ?Неге ақысыз емес?Ақшаны қолма-қол күзетшігге тапсырамыз ешкандай түбіртек берілмейді яғни ақша тікелей біреудің қалтасына түседі деген сөз.Стадион директоры Пащенко А.Н бұл әрекеті қаншалықты заңды?Неге халыққа кешкі уақытта ақысыз берілмейді футбол алаңы осы спорт орталығында?Рахмет.Жауап күтемін.
Администратор 22.05.2013
Құрметті Мирасбек Әбдірешұлы! Ақтөбе қаласының Маресьев көшесі, 2 мекенжайындағы жеке тұлғада болып келген «Химик» спорт кешені облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 20 шешімімен коммуналдық меншікке «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңына сәйкес сатып алынды. Қазіргі таңда спорт мектебіндегі 300-ден астам балалар мен жасөспірімдер оқу-жаттығу үрдістерінің кестесіне сәйкес сағат 8:30 мен 21:00 аралығында бокс, үстел теннисі, жеңіл атлетика, семсерлесу бөлімдерінде спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Оқу-жаттығу үрдістерінен бос уақытта сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін спорт мектебінде мүгедек спортшылар (сейсенбі және бейсенбі күндері) волейбол және (дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері) үстел теннисімен шұғылданады. «Ақтөбе» футбол клубының жасөспірімдер командасы күн сайын футбол алаңын, жексенбі күні «Ауған соғыс ардагерлері» қоғамы, «Рика-ТВ» ұжымы спорт құрылғыларын пайдаланады. Сенбі-жексенбі күндері «Локомотив» спорт клубының, №30238 әскери бөлімінің, Ақтөбе қаласы спорт бөлімінің жоспарланған спорттық іс-шараларын өткізу мүмкіндіктері қарастырылған. Қала тұрғындары стадионда және оның жүгіру жолында сағат 21:00 - 23:00 аралығында дене шынықтырумен ақысыз айналыса алады. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1102 негізінде ақылы негізде қызмет көрсете алады. Ақылы қызмет түрлерін көрсеткені үшін қолма-қол ақша алу кассалық кіріс ордерлерінің негізінде міндетті түрде бақылау-кассалық машиналарды қолдана отырып, тараптардың қол жеткізген уағдаластықтары негізінде жүргізіледі. А.Н.Пащенко спорт кешені жеке тұлғада болған кезеңде спорт кешенінің директоры қызметін атқарған, қазіргі күні ал спорт мектебінде спорт құрылғысының меңгерушісі.