ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРЫН ЕРЛАН МҰХТАРҰЛЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Павлодар облысының әкімі Арын Ерлан Мұхтарұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 57
  • Жауаптар: 57
  • 16.10.2013
  • 18.10.2013
  • Павлодар облысының әкімі - Арын Ерлан Мұхтарұлы

Майгүл Жұматаева 16.10.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Ерлан Мұхтарұлы! Мені Павлодар қаласының Бестужев пен Пахомов көшелерінің қиылысындағы жағдай қатты мазалайды. Күнделікті осы жермен бастауыш сынып оқушылары мен қала тұрғындары өтеді. Осы қиылыста (Бестужев-Пахомов көшелері) ешқандай жол белгісі жоқ. Әсіресе, таңғы және кешкі уақытта осы қиылыс арқылы жаяу жүргіншілер мен автокөліктер көп жүреді. Аялдамадан жолдың екінші бөлігіне өту қауіпті. Көліктер жол бермейді. Себебі қиылыста арнайы жол белгісі жоқ. Бұл жол арқылы көліктердің көп жүруі Усолка ауданы мен Жаяу Мұса көшесіне апаратын жол болуында. Сондай-ақ осы жол бойында Пахомов сауда үй және оптовка да бар. Сондықтан осы қиылысқа арнайы жол белгісін орнатса екен. Бағдаршам немесе бейнекамера орнатса, жақсы болар еді.

Администратор 16.10.2013

Құрметті Майгүл! Сіздің көтерген мәселеңізбен жақсы хабардармыз. Бестужев көшесі, 6 үй тұрғындары осы мәселе бойынша қала әкіміне ресми хат та жазған болатын. Аталған қиылыста Павлодар қаласының тұрғын үй коммунальдық шаруашылығымен жаяу жүргіншілер белгісі орнатылған болатын. Алайда, бұл жол белгісін автокөлік жүргізушілері екі рет абайсызда қағып кеткен. Ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында Бестужев-Пахомов көшелерінің қиылысында жылдамдықты шектеу және жаяу жүргіншілер белгілері қойылады. Сонымен қатар, осы қиылыста жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Павлодар қаласының ішкі істер басқармасына жол постының бір патрулін бөлу туралы хат жолданған болатын.