ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРЫН ЕРЛАН МҰХТАРҰЛЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Павлодар облысының әкімі Арын Ерлан Мұхтарұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 57
- Жауаптар: 57
- 16.10.2013
- 18.10.2013
- Павлодар облысының әкімі - Арын Ерлан Мұхтарұлы
омарова нина анатольевна 18.10.2013, Сұрақ нөмірі:
Павлодар облысында қазақ тілін оқып-үйренемін деушілерге қандай жағдай жасалған?
Администратор 18.10.2013
Өзге ұлт өкілдері көптеп шоғырланған Павлодар өңірінде этникалық топтардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығы, ынтасы жылдан-жылға артып келеді. Облыстың тілдерді дамыту басқармасы жанынан құрылған «Ана тілі» оқыту орталығы мелекеттік қызметшілерді 3 деңгей бойынша тегін оқыту курсын жүргізуде. Бүгінгі таңда аймағымыз бойынша 18 тіл үйрету орталығы жұмыс жасауда. Олар мемлекеттік, орыс, ағылшын және шет тілдерін оқыту курстарын жүргізуде. Кез келген азаматтың өз қалауы бойынша әртүрлі тілдерді үйренуіне толық жағдай жасалған.