АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Атырау oблысының әкімі Ізмұхамбетов Бақытқожа Салахатдинұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 35
  • Жауаптар: 35
  • 28.05.2013
  • 30.05.2013
  • Атырау облысының әкімі

Гулфарида 30.05.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сәлеметсізбе.Мен Маратқызы Гулфарида 1991 жылы дүниеге келгенмін.№7 Күншуақ балалар бақшасында Қазақ тілі пән мұғалімімін.Қәзіргі таңда өз ата-анамен,жолдасым және екі ұлыммен Ақжар ауылының Құрманғазы көшесі 28,3 бөлмелі кішкентай үйде бірге тұрамыз.Үй өте тар және егінге су жіберетін балдың жағалауының іргесінде орналасқандықтан үйдің іргеліктері қысы жазы дымқыл тартып тұрады.Осы себепті және қоғамның бір мүшесі ретінде,ел ертеңі жас өркендерді білім нәрімен сусындатып,жас өркендерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруде адал еңбегімізді ескеріп,жас отбасы есебінде тұрғын үй мәселесін шешіп беруіңізді өтіне сұраймын.(11.07.12ж №7243 Мемлекеттік қызыметші ретінде кезегінде тұрмын.)

Администратор 03.06.2013

Сіз тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер кезегіне 2012 жылдың 11-інші шілдесінен бастап тіркелгенсіз. Бүгінгі күні кезектегі реттік саныңыз - №7084. Сіздің тұрғын үй бөлу жөніндегі мәселеңіз Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.