АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Т. МҰСАХАНОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Алматы облысының әкімі А.Т. Мұсахановтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 44
- Жауаптар: 44
- 17.04.2013
- 19.04.2013
- Алматы облысының әкімі
Қанағатов Муратхан 18.04.2013, Сұрақ нөмірі:
Құрметті әкім мырза! Қаратал ауданында, Текелі қаласында жылыжайлар істеп жатыр. Осы жылыжай шаруашылығын дамытуға қатысты облыста қандай шаралар атқарылуда?
Администратор 19.04.2013
Жылыжай шаруашылығын дамыту 2009 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бастапқыда шаруашылықтар пленкалы жылыжайлар салса, қазіргі уақытта қаржы институттарының қаржыландырумен озық технологиялы типтік жылыжайлар салуда. Олардың қатарында, Текелі қаласындағы 3,65 гектарлық «Grreen hous- Зелёный Дом» ЖШС-і, Жамбыл ауданындағы 2,5 гектарлық «Жанай» шаруа қожалығының, Панфилов ауданындағы 0,8 гектар «Ирада» шаруа қожалығы мен 4 гектарлық «Байсерке-Агро» ЖШС-і, Қапшағай қаласындағы 5,1 гектарлық «Creen Land Алатау» ЖШС-нің кешендері бар. Қазіргі уақытта қосымша жалпы алаңы 10,86 гектар 20 жылыжайдың құрылысы жүргізілуде. Өткен жылы 49,7 гектар көлемдегі 429 жылыжайдан 9325 тонна өнім алынды. Үстіміздегі жылы бірінші айналым бойынша себілген көкөністен сәуір–мамыр айларында өнім жиналатын болады. Жылыжай шаруашылығын қолдау мақсатында гектарына 1300 мың теңге субсидия қарастырылып, 2012 жылы 23 жылыжайға 41,7 млн. теңге субсидия төленді.