АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰХАМБЕТОВ АРХИМЕД БЕГЕЖАНҰЛЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Ақтөбе облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлымен «Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 16
- Жауаптар: 16
- 27.05.2015
- 27.05.2015
- Ақтөбе облысының әкімі
Амангелді Сәлімгерейұлы Бақаев 27.05.2015, Сұрақ нөмірі:
Темір ауданы Шұбарқұдық кенті Ақтөбе облысындағы үлкен аудан орталықтарының бірі. Аудан орталығында 16 мыңға жуық халық тұрады. Халық саны жылма жыл көбейіп, өсіп келеді. Шұбарқұдық кентінің инфраструктурасы күннен күнге дамып, халықтың әлеуметтік жағдайы да жақсаруда. Қазіргі таңда әр үйде жеке бір – екі автокөліктен бар. Бірақ та бір нәрсеге көңіл бөлу керек сияқты. Ол кентішілік жолдардың қазіргі жағдайы. 2001-2002жылдары осы кентішілік екі көшеге ғана күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Содан бері жол жөнделмеді. Қазіргі таңда жолдың жағдайы сын көтермейді және де тұрғындарды да осы өзекті мәселе мазалайды. Елбасымыздың «Нұрлы жол» бағдарламасымен Ақтобе - Астрахан тас жолының жөнделетіндігін естіп шын қуанудамыз, ендігі кезекте жоғарыда аталған мәселенің де оң шешілетіндігіне еш күмәніміз жоқ.
Администратор 27.05.2015
Бүгінгі күнде жергілікті бюджеттен Темір ауданы Шұбарқұдық кентінің 8 - көшесіне (Асау-барақ, Махимов, Желтоқсан, Балмұхамедов, Теміржол, Садовая, Теріскей, Байғанин көшелері - жалпы ұзындығы - 4,2 шақырым) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттарына– 7 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Мемлекеттік сараптама қорытындысы бойынша құрылыс монтаж жұмыстарына 216 млн 842 мың тенге қаражатты қажет етеді. 2016-2017 жылдарға бюджеттен осы аталған жұмыстарға қаржы бөлуді жоспарлап отырмыз.