АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Б. МҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Ақтөбе облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 28
  • Жауаптар: 28
  • 13.05.2013
  • 15.05.2013
  • Ақтөбе облысының әкімі

Ермагамбетов 15.05.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Архимед Бегежанұлы! Сіз өзіңіз білетіндей, өткен жылы Елбасымыз өзінің жылсайынғы халыққа дәстүрлі жолдауында «Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау» керек екендігін айтқан болатын. Мен, өз-өзімді қамтып, үй шаруасында шағын кәсібімді жүргізіп отырған ауылдық жердің тұрғынымын. Алдағы уақытта, өз кәсібімді кеңейтіп, жанұя мүшелерімді және азда болса өзге де ауыл тұрғындарын жұмысбастылықпен қамтамасыз еткім келеді. Осыған байланысты, облысымызда кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік Бағдарламалар туралы білгім келеді.

Администратор 16.05.2013

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы өңірлердегі, сонымен қатар жалпы еліміздегі тұрақты жұмысбастылықты қамтамасыз ететін шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына ұдайы көңіл, бөліп Үкіметке және өңір басшылары нақты тапсырмалар беріп отырады. Осы мақсатта, Елбасымыз өткен жылғы Халыққа жолдауында да негізгі басым бағыты етіп «Ұлттық экономикамыздың жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау» деп белгіледі. Бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерлік кешенді қолдауға бағытталған бірнеше мемлекеттік Бағдарламалар тиімді жүзеге асырылуда. Соның бірі «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы. Аталған Бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлерге пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, банк несиелеріне кепілдік ұсыну, өндірістік инфрақұрылымды тарту (газ, су, электр желісі, автокөлік жолын салу және т.б.), сервистік қолдау секілді қолдаулар ұсынылады. Ағымдағы жылы облысымызға Бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 1,5 млрд.теңге қаражат бөлініп отыр. Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламасы да іске асырылуда. Бағдарламаның екінші бағытының аясында ауыл кәсіпкерлері, үй шаруасындағы тұрғындар, оралмандар және Бағдарламаның талаптарымен анықталған өзге де ауыл тұрғындары ең алдымен кәсіпкерлік негізіне оқытылып, содан кейін жылдық 6 пайыздан жоғары емес үстемемен 6,0 млн. теңгеге дейін шағын несие алып, өз ісін ашуға немесе іс-әрекеттегі бизнесін кеңейтуге мүмкіндігі бар. Үстіміздегі жылы Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары үшін шағын несие беруге 411,0 млн. теңге қарастырылды. Осы аталған Бағдарламалар шеңберінде тиісті құжаттарыңызды тапсырып, өз ісіңізді кеңейтуге немесе жаңғыртуға мол мүмкіндігіңіз бар екен атап өтемін.