АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Б. МҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Ақтөбе облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 28
  • Жауаптар: 28
  • 13.05.2013
  • 15.05.2013
  • Ақтөбе облысының әкімі

Мизамхан 15.05.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Архимед Бегежанұлы! Бүгінгі күні жастар саясаты мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп, жағдай жасалуда. Осы орайда жастардың салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру бағытында спорт залдары мен алаңдарының ролі ерекше. Ауданымызда бүгінгі күні еңселі спорт кешені бой көтеріп, аудан тұрғындары мен жастар спортпен айналысуға мол мүмкіндік алды, республикалық және облыстық жарыстар өткізілуде. Келесі кезекте жазғы спорт түрлерімен айналысу мақсатында аудан орталығында стадион салу мәселесінің шешілу мүмкіндіктері бар ма?

Администратор 16.05.2013

Жастар - еліміздің болашағы, оларға қолдау көрсету – Елбасы Н.Назарбаевтың басты тапсырмаларының бірі. Қобда ауылында стадион салу жоспарланып отыр. Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттар дайындауға облыстық бюджеттен қаражат бөлу мәселесі қарастырылуда.