АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Б. МҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Ақтөбе облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 28
- Жауаптар: 28
- 13.05.2013
- 15.05.2013
- Ақтөбе облысының әкімі
Ақеділ Маханов 15.05.2013, Сұрақ нөмірі:
Ойыл селосына табиғи газ құбырын тарту мәселесі қашан шешімін табады?
Администратор 16.05.2013
Облыс әкімінің, аудан әкімінің есептік кездесулерінде бірнеше рет көтерілген мәселе. Ойыл селосына 95 км жердегі Байғанин ауданына тартылған диаметрі 400 мм жоғары қысымды табиғи газ құбырын жүргізудің техникалық – экономикалық негіздемесі дайындалып, облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасы арқылы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне жолданды. Жалпы сметалық құны – 3 млрд. 200 млн.теңге. Биылғы жылы жобалау смета құжаттарына қаржы сұралды.