ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША АГЕНТТІК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ЕЛБАСЫНЫҢ «ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ – 2050: БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ» ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау бойынша агенттік Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру мен түсіндіру бойынша Интернет-конференция өткізеді. Барлық сұрақтарға жауаптар ағымдағы жылдың 15 мамырында «Электрондық Үкімет» веб-порталында жарияланады.
- Сұрақтар: 25
- Жауаптар: 24
- 19.05.2014
- 19.05.2014
- Агенттік төрағасы
Токубаева Саяхат Муратовна 19.05.2014, Сұрақ нөмірі:
Монополияға қарсы комитеттің құзырында қай бағыттағы әрекеттер өз шешімдерін таппақ? Қазіргі таңда сауда нарығындағы бағалардың күн санап өсуін кім бақылауы тиіс? Қандай тиісті шаралар жоспарлануда?
Администратор 19.05.2014
Құрметті Саяхат Мұратқызы! Бәсекелестікті қорғау агенттігі өз Ережесіне сәйкес тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы басшылықты және тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғауды және т.б. жүзеге асырады. Монополияға қарсы органның негізгі функциялары үстем немесе монополиялық жағдайдың алдын алу, анықтау, жосықсыз бәсекенi жүргізуді, бәсекелестiкке қарсы келiсiлген iс-әрекеттердi немесе келiсiмдердi (картельдерді) болдырмау және т.б. болып табылады. Қолданыстағы сауда қызметін реттеу туралы заңнамаға сәйкес тауарларға, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бағаларды сауда қызметінің субъектілері өз бетінше айқындайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі ӘМАТ-қа бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін белгілейді және олар асып түскен жағдайда, жергілікті атқарушы органдардың өтінімі бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында оларға рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін 90 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде белгілеуге құқылы. Сонымен бірге, «Бәсекелестік туралы» Заңға сәйкес үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің монополиялық жоғары бағаларды белгілеу және ұстап тұру жөніндегі іс-әрекеттеріне тыйым салынады. Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізбесі жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады және Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) ресми сайтында www.azk.gov.kz орналастырылған.