ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Б.Т. ӘБДІШЕВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Түйтейұлы Әбдішевтің қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 34
  • Жауаптар: 34
  • 19.06.2013
  • 21.06.2013
  • Қарағанды облысының әкімі

Туганбаева Динара Ерлановна 21.06.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қайырлы күн, Бауыржан Түйтейұлы! Қарсы болмасаңыз мен өз сұрағымды Сізге қоя кетсем! Мен Бұқар-Жырау ауданы Заречное селосында отбасыммен тұрамын! Былтыр Бізге су жалғаған болатын (бұлақтың суы, таза), бірақ қазіргі күні сол қойылған бірнеше данадағы су ағызу қондырғыларын алып тастап, әрбір үй өзіне су жалғасын деп жатыр. Бірақ... үйге кіргізу барысы - 1 метр үшін 2,500 тг ақша жұмсалады. Егер Су ағызу қондырғысы үйден алыс болған жағдайда, шамалы түрде 150,000 тг кетеді (орта есеппен, тек қана үйге дейінгі су ағызу жолын қазу)! Ендігі кезекте қояр сұрағым Сізге, құрметті Бауыржан Түйтейұлы, осы жағдайды түзету мүмкін бе?

Администратор 22.06.2013

Құрметті Динара Ерланқызы! Сұрағыңызға рахмет. Өзіңіз білесіз, 2010 жылы «Ауыз су» бағдарламасы шеңберінде Заречное селосында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, 12 су бағаны орнатылған болатын. Мендегі дерек бойынша, қолданысқа берілген күннен бастап, бүгінгі күнге дейін сол 12 су бағаны қалыпты қызмет көрсетіп тұр. Ал, енді су құбырын үйге енгізу мәселесіне келсек, бұл ауыл тұрғындарының өз еріктерімен жүргізіледі. Төлем екі жақтық келісім бойынша ғана жүзеге асырылады. Сондықтан Сізге ешкімнің күштеп ақы төлеттіруге құқығы жоқ. Құрметпен, Бауыржан Әбдішев