АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Т. МҰСАХАНОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Алматы облысының әкімі А.Т. Мұсахановтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 44
- Жауаптар: 44
- 17.04.2013
- 19.04.2013
- Алматы облысының әкімі
Сабырова Фарида 18.04.2013, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы! Елбасының тапсырмасымен енгізілген "Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасына мемлекеттік бюджеттен қомақты қаржы бөлінуде. Аталған бағдарламаның нәтижесі бар ма?
Администратор 19.04.2013
Бағдарлама 1,5 жылда өз нәтижесін көрсетуде. 2011 жылы 5,0 мыңнан астам, ал 2012 жылы 8 мыңнан астам адам қатысып, олар кәсіптік даярлау, жастар практикасынан өтіп, әлеуметтік жұмыс орындары арқылы тұрақты жұмыспен қамтылуда. Жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысқан және табысы аз 214 азаматқа 475,0 млн.теңге көлемінде шағын несиелер беріліп, мемлекет тарапынан көмек көрсетілуде. Алғаш рет халықты жұмыспен қамту мақсатында экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге (Іле ауданы Жетіген ст., Панфилов ауданы Нұркент қалашығы және Жаркент қаласы) 150 отбасына 53 қызметтік тұрғын үйлер салынып, олардың еңбекке қабілетті мүшелері жұмысқа орналастырылуда. Сол, сияқты ауылда орналасқан 48 ауылдық елді мекенде 26 инфрақұрылымдық жобалар жөндеуден өтіп, 731 жаңа жұмыс орындары құрылды. Бұл атқарылған іс шаралардың нәтижесінде облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі Бағдарлама енгізілгенге дейінгі кезеңмен салыстырғанда (2010 жылы)5,6 пайыздан (2012 жылы)5,0 пайызға дейін азайды. Ал, осы кезеңде өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың деңгейі облыс бойынша 1,3 пайызға (44,1%-дан 42,8%-ға дейін)төмендеді.