АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Атырау oблысының әкімі Ізмұхамбетов Бақытқожа Салахатдинұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 35
  • Жауаптар: 35
  • 28.05.2013
  • 30.05.2013
  • Атырау облысының әкімі

Айтжанова Гүлзипаш 29.05.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Cәлеметсіз бе? Мен, Айтжанова Гүлзипаш Жұмыскер-2, уч-257 тұрғыны, көп балалы анамын. Баламның үлкені Каримов Жоламан ІІ топтағы бала жастан мүгедек. Мемлекет тарапынан пәтерге кезекте 2012 жылдан бері тұрмын. Қазіргі тұратын үйімде мүгедек баламның жағдайына сай емес, әжетхана далада, жуынатын бөлме жоқ. Баламның жағдайы өте нашарлап кетті. Облыс әкімінен қолдау, көмек сұраймын үй мәселесі туралы.

Администратор 03.06.2013

Балаңыз Жоламан Кәрімов 2012 жылдың 27-нші желтоқсанынан бастап денсаулығына байланысты тізімнің екінші тобына жататын халықтың әлеуметтік жағынан осал (әлсіз) топтары кезегіне №3483-інші болып тіркеулі. Сіздің өтінішіңіз Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаралатын болады.