АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Атырау oблысының әкімі Ізмұхамбетов Бақытқожа Салахатдинұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 35
  • Жауаптар: 35
  • 28.05.2013
  • 30.05.2013
  • Атырау облысының әкімі

Жолдаскалиев Дидар 29.05.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қаламыздағы аэропорт жолындағы үлкен концерттік залы мен монша құрылысы тоқтап қалған секілді. Осы нысандардың құрылысы жалғасын табарма екен, немесе халыққа пайдалануға қашан беріледі?

Администратор 03.06.2013

Бүгінгі күні бұл нысандар консервацияда тұр. Монша-сауықтыру кешені ағымдағы жылы, ал, концерттік зал 2014 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.