ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.А. БОЗЫМБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Жамбыл облысының әкімі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 21
  • Жауаптар: 21
  • 10.07.2013
  • 12.07.2013
  • Жамбыл облысының әкімі

Боранбаева Орынбасар және т.б. 12.07.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Саламатсызба Канат Алдабергенулы. Біз, Жамбыл ауданы Айша бибі ауылының қарапайым тұрғындары соңғы айларда қалааралық қатынайтын автобусқа зар болдық. Қазір тек таксимен қалаға барып қатынаймыз, оған халықтың қалтасы көтере бермейді. Біздің ауылда қалада оқитын студенттерге, оқушылар мен қалаға барып келіп жұмыс істейтін адамдарға қиын болды. Құрметті Қанат Алдабергенұлы, Сізден осы мәселенің шешімін тауып, ауылымызға автобус жүргізуге көмек беруіңізді сұраймыз.

Администратор 12.07.2013

Құрметті Боранбаева Орынбасар және ауыл тұрғындары! Сіздер көтеріп отырған бұл мәселе біздің бақылауымызда. Тараз – Айша бибі бағытының тасымалдаушысы «ТаразПассТранс» ЖШС-гі жолаушылар ағымының аз болуына байланысты, ол бағытта қызмет көрсетуден бас тартты. Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, жолаушылар мен багажды тұрақты облысішілік қалааралық (ауданаралық) Тараз-Айша бибі бағытында автомобильмен тасымалдауға қызмет көрсету құқығына қайта конкурс өткізді. Конкурс нәтижесі бойынша «Нұрабай» ЖШС-мен келісім-шарт жасалды. Сол себепті, ағымдағы жылы 15 шілдеден бастап көрсетілген бағытта тұрақты қоғамдық көлігі қатынайтынын болады.