АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰХАМБЕТОВ АРХИМЕД БЕГЕЖАНҰЛЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Ақтөбе облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлымен «Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 16
- Жауаптар: 16
- 27.05.2015
- 27.05.2015
- Ақтөбе облысының әкімі
Нұрқасым Сәрсенбайұлы 27.05.2015, Сұрақ нөмірі:
Ырғыз-Шалқар автожолының Ырғыз ауылына кіреберіс 0-11,3 км бөлігін күрделі жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?
Администратор 27.05.2015
2015 жылы аталған автокөлік жолының Ырғыз ауылы бағытындағы 11,3 км бөлігін күрделі жөндеуден өткізуге «Атом-БГ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім-шарт жасалып, жөндеу жұмыстары басталды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 155 млн. теңге бөлінді. Күрделі жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың шілде айында бітіру жоспарланады.