ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.А. БОЗЫМБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Жамбыл облысының әкімі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 21
  • Жауаптар: 21
  • 10.07.2013
  • 12.07.2013
  • Жамбыл облысының әкімі

Есеев Саясат 12.07.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Қанат Алдабергенұлы! Шу ауданындағы Бөлтірік ауылында орта мектеп апатты жағдайда тұр, жаңа мектеп қашан салынады?

Администратор 12.07.2013

Құрметті Саясат! Облыс бойынша апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі бізге мәлім, оларды қалпына келтіру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Шу ауданы Бөлтірік ауылындағы апатты жағдайдағы мектептің орнына жаңа 150 орындық орта мектеп салу үшін Шу ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып, 2012 жылғы 26 желтоқсанда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы берілді, сметалық құны 564 млн. 488 мың теңгені құрады. Аталған жобаны республикалық инвестициялық жобалар тізбесіне 2014 жылға енгізу үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне 2013 жылы 25 мамырда инвестициялық ұсыныс жолданды.