ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.А. БОЗЫМБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Жамбыл облысының әкімі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 21
  • Жауаптар: 21
  • 10.07.2013
  • 12.07.2013
  • Жамбыл облысының әкімі

Айтжанов Мұрат 12.07.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Біздің облыста жайылымдық жер көп, дегенмен ол жерлерде су көздері жоқ болғандықтан пайдалана алмай жүрміз, осы мәселе қашан шешіледі?

Администратор 13.07.2013

Құрметті Мұрат! Сұрағыңыз өте орынды, бұл мәселе бүгінде Үкімет басшыларының назарында. Ағымдағы жылы қабылданған «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасына сәйкес, келесі жылдан бастап, жайылымдарды суландыруға бағытталған бірнеше бағдарлама жұмыс істейтін болады. Қажетті құдықтарды, скважиналарды мемлекет есебінен салып, жалға беру немесе жеке меншік қаржысына салынса, оның құнының бір бөлігін субсидиялау көзделген.