ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ КӨШЕРБАЕВ ҚЫРЫМБЕК ЕЛЕУҰЛЫМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Қызылорда облысының әкімі Көшербаев Қырымбек Елеуұлымен интернет-конференция

  • Сұрақтар: 18
  • Жауаптар: 12
  • 22.06.2015
  • 22.06.2015
  • Аким Кызылординской области

Орманова Базар 22.06.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Сіздің облысқа әкім болып келгелі қаламыз жақсарып келеді. Жұмысыңызға сәттілік тілей отырып, бізді мазалап жүрген мәселені жеткізгіміз келеді. Қалада мәдени-демалыс паркі біреу ғана. Осы парк жекеменшікке беріледі деп естіп едік. Осы рас па? Өзіңіз білесіз, кезінде бұл парк жекеменшікке кетіп, жағдайы нашарлап кеткен еді. Мемлекет оны кері қайтарып, жаңа аттракциондар орнатылды. Қазір ол балаларымыздың бос уақытын қызықты өткізетін орынға айналды. Егер парк расында жекеменшікке жіберілсе оның болашағы қандай болады? Жекеменшікке жібермеудің жолы бар ма?

Администратор 22.06.2015

Білдірген ой-пікіріңізге рахмет. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы №280 «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысымен еліміздегі жекешелендірілетін нысандардың тізімі жарияланып, ол 2014-2016 жылдарды қамтитын болды. Аталған тізімге қалаға қарасты «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық мәдени және демалыс паркі» МКК-ны енгізілген. Осы қаулыға сәйкес паркті жекешелендіру 2016 жылдың қараша айына белгіленген. Ал паркті жекешелендірмеу Қазақстан Республикасының жоғарыда көрсетілген қаулысына өзгеріс енгізілген жағдайда болады. Алайда, бүгінгі күнге осы мәдени-демалыс паркін жоғарыда аталған жекешелендіруге жататын кәсіпорындардың тізімінен алып тастау жөнінде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығын хабарлаймыз.