ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ КӨШЕРБАЕВ ҚЫРЫМБЕК ЕЛЕУҰЛЫМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Қызылорда облысының әкімі Көшербаев Қырымбек Елеуұлымен интернет-конференция

  • Сұрақтар: 18
  • Жауаптар: 12
  • 22.06.2015
  • 22.06.2015
  • Аким Кызылординской области

Азирбаева Лаура Темирхановна 22.06.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Мен Байқоңыр қаласының тұрғынымын. Менің балам Байқоңыр қаласындағы қазақ мектебінде оқиды. Қазақ мектептерін қазақстандық оқу стандартына көшіреді деп есіттім. Оны қуана құптаймын. Себебі баламның болашақта Қазақстанның ЖОО-ындарынан білім алғанын қалаймын. Сұрайтыным бұл мектептер қашан қазақстандық оқу стандартына көшіріледі?

Администратор 22.06.2015

Сәлеметсізбе! Алдағы оқу жылынан бастап Байқоңыр қаласындағы 6 мектеп қазақстандық білім беру стандарттарына көшеді. Бұл мақсатқа қажетті қаржының мәселесі республикалық бюджеттен шешілген. Байқоңырда арнайы облыстық басқарма ашылды. Байқоңыр қаласындағы қазақ тілінде оқытатын 6 мектепті ҚР стандартымен оқыту бойынша бүгінгі күні атқарылған жұмыстарға тоқталып өтетін болсам: Біріншіден, 2014 жылғы 23 желтоқсанда Мәскеу қаласында ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы Байқоңыр қаласының қазақ тілінде оқытылатын білім ұйымдарын қазақстандық оқу стандартына көшіру туралы Келісімге қол қойылған. Екіншіден, Байқоңыр қаласындағы білім ұйымдарының бала саны алынып, алдағы оқу жылына қажетті оқулықтар мен оқу-әдістемеліктер кешенінің есебі шығарылып, қаржысы қаралған. Үшіншіден, Астана қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Академияның қызметкерлері мен Қызылорда қаласының ең озық, мықты 41 маман мұғалімдерінің бірлескен жұмысшы тобы құрылып, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының оқу стандартына талдау жүргізіп, ерекшеліктері бойынша қорытынды жасалған. Қазіргі таңда Ұлттық Академияда оқу бағдарламалары қайта қаралуда. ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдарын беру туралы Келісімнің 3 бабында көрсетілген қабылдау-беруді жүзеге асыру үшін Тараптар өз өкілдерінен және уәкілетті органдардың өкілдерінен бірлескен комиссия құрылуда. Қазіргі таңда Байқоңыр қаласындағы 6 қазақ тілінде оқытылатын білім ұйымдарын ҚР балансына алу, алыс-беріс жұмыстарын 2015 жылдың 1 тамызына дейін аяқтау көзделуде.