ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ КӨШЕРБАЕВ ҚЫРЫМБЕК ЕЛЕУҰЛЫМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Қызылорда облысының әкімі Көшербаев Қырымбек Елеуұлымен интернет-конференция

  • Сұрақтар: 18
  • Жауаптар: 12
  • 22.06.2015
  • 22.06.2015
  • Аким Кызылординской области

Туреева Рыскүл 22.06.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Мен Қызылорда қаласының тұрғынымын. Тұрғын үй салу үшін 2007 жылы жер алуға кезекке тұрғанмын. Білейін дегенім, қала ішінен 2007 жылы кезекке тұрған адамдарға қашан жер беріледі? Қай жерден?

Администратор 22.06.2015

Саламатсыз ба?! Қазіргі таңда 2004 жылғы кезекте тұрған азаматтардың өтініштері қанағаттандырылып жатыр. Ал, 2007 жылға дейінгі кезекте тұрған азаматтардың саны 16 366. Заңға сәйкес, қандай да бір объектілерге берілетін жер учаскелері бекітілген қала құрылыстық құжаттарға, яғни бас жоспарларға, даму сызбаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес табысталынады. Сонымен қатар, өтнімдер арнайы есепке алынып және жеке тұрғын үй құрылысы үшін табысталатын алаңдардың дайын болуына қарай берілетін болады.