ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ КӨШЕРБАЕВ ҚЫРЫМБЕК ЕЛЕУҰЛЫМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Қызылорда облысының әкімі Көшербаев Қырымбек Елеуұлымен интернет-конференция

  • Сұрақтар: 18
  • Жауаптар: 12
  • 22.06.2015
  • 22.06.2015
  • Аким Кызылординской области

Таутенов Ердос Ибадуллаевич 22.06.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қазіргі таңда Шалқияда кен-байыту фабрикасында жөндеу, дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқандығын көріп жатырмыз. Осыдан бірнеше жыл бұрын Шалқия-цинк өз жұмысын бастап, кейін тоқтап қалып еді. Осы фабрикада соның кебін киіп, жабылып қалмайды ма деп қорқамыз. Осы өндіріс орнының болашағы туралы айтып өтсеңіз. Осы кен орнына жергілікті тұрғындардың жұмысқа тұруына мүмкіндік бар ма?