ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӨҢІРЛІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ БОЙЫНША КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ Б.А.СМАҒҰЛОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЕЛБАСЫНЫҢ "ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛ - 2050: БІР ТАҒДЫР, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ" ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ МЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрілігің жер ресурстарын басқару бойынша комитеті Елбасының "Қазақстандық жол - 2050: Бір тағдыр, Бір мүдде, Бір болашақ" Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру мен жүзеге асыру жолдары бойынша Интернет-конференция өткізеді. Барлық сұрақтарға жауаптар "электрондық үкімет" веб-порталында а.ж. 11 маусымында жарияланатын болады.

  • Сұрақтар: 20
  • Жауаптар: 18
  • 11.06.2014
  • 11.06.2014
  • Rомитетінің Төрағасы

Алжанов Ержан Есенмұратұлы 11.06.2014, Сұрақ нөмірі:

  • 0

құрметті Смағұлов мырза сізбен онлайн конференцияда жолыққаныма өте қуаныштымын жұмыстарыңызға табыс береке тілеймін менің сіздерге қояр сұрағым Моно город бойынша. Кентау қаласы моно город енген болатын соған сәйкес жылда мемлекеттен қаланы дамытуға қаржы бөлініп отырғанын күнде естіп коріп жатырмыз. Әсіресе шағын бизнеске көмек, және қолдау корсету негізге алынған. Осыған орай қандай кәсіппен айналасуға болады алде өздерінің белгілеген бизнес түрлері бар ма? Моно город бойынша төмен пайызбен несие алуға болады дейді пайызы неше екен . Менің бір жеке кәсіпкерлікпен айналыссам деймін соған қандай көмектер ала аламын. Рахмет тыыңдағандарыңызға!!!

Администратор 11.06.2014

Құрметті Ержан Есенмұратұлы! Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің негізгі функциялары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер ресурстарын басқару, сондай-ақ геодезиялық және картографиялық қызмет саласында бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыру болып табылады. Осыған орай, қойылған сұрақтар Комитет құзыретіне кірмеуіне байланысты Сіз жазбаша түрде сұрағыңызды Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің блогына http://minregion.gov.kz (аталған сілтеме бойынша кіріп) жолдауыңызға болады.