ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.

  • Сұрақтар: 49
  • Жауаптар: 46
  • 23.07.2013
  • 25.07.2013
  • Қызылорда облысының әкімі

Базарбек Мұрат 24.07.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті әкім мырза! Қызылорда-Жезқазған трассасы бойында жалпы көлемі 980 гектар аумаққа түбегейлі жоспарлау жобасы әзірленді, осы жоба бойынша қала тұрғындарының жер алу бойынша арыздарының кандай көлемін қамтамасыз етеді?

Администратор 24.07.2013

Құрметті Базарбек Мұрат! Қазіргі уақытта жер алу бойынша тіркелген қала тұрғындары арызының жалпы саны 40 мыңнан жоғары болып отыр, осы арыздарды қанағаттандыру мақсатында Қызылорда-Жезқазған трассасы бойынан 980 гектар аумаққа түбегейлі жоспарлау жобасы әзірленіп жасалуда. Аталған жоба толыққанды бекітілгенде қала жерге кезекте тұрған тұрғындардың 4 мыңнан астамын жермен қамтамасыз етуге мүмкіндік болады.