ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.
- Сұрақтар: 49
- Жауаптар: 46
- 23.07.2013
- 25.07.2013
- Қызылорда облысының әкімі
Төлегенова Нұргүл 24.07.2013, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Қырымбек Елеуұлы!
Мен қазір жеке кәсібімді ашып, сауда дүкенін салуды жоспарлап отырмын.
Таныстарымнан естідім, дүкен ашу үшін АПЗ алу керек дейді. Ол қандай құжат және оны алу үшін қанша уақыт керек?
Администратор 24.07.2013
Құрметті Төлеген Нұргүл! ҚР қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес сәулет-жоспарлау тапсырмасы дегеніміз - объектiнiң мақсатына, негiзгi өлшемдерiне және оны нақты жер теліміне орналастыруға қойылатын талаптар кешенi, сондай-ақ қала құрылыстық регламенттерiне сәйкес белгiленетiн, жобалау мен құрылысқа қойылатын мiндеттi талаптар, шарттар мен шектеулер болып табылады. «Объектілерді салу үшін бастапқы материлдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды рәсімдеу мен беру тәртібін оңайлайту жөніндегі кейбір шаралар туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 қаулысына сәйкес тапсырыс беруші сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу үшін жергілікті атқарушы органына өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі. 1) Құрылысты жүргізу үшін бөлінген жер телімінің шешімі; 2) жобалауға арналған бекітілген тапсырма. Жергілікті атқарушы органы өтінішті алғаннан кейін инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтерге жібереді. Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтер жергілікті атқарушы органына қосу параметрлерi мен орнын көрсете отырып, техникалық шарттарды 5 күннің ішінде береді немесе беруден бас тарту туралы негiзделген жауап қайтарады. Сәулет және қала құрылысы органдары техникалық шарттарды алғаннан кейін сәулет-жоспарлау тапсырмасын 3 күннің ішінде өтініш берушіге жолдайды.