ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.

  • Сұрақтар: 49
  • Жауаптар: 46
  • 23.07.2013
  • 25.07.2013
  • Қызылорда облысының әкімі

Муликова Меруерт Құрманғазықызы 24.07.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті әкім мырза! Қаланың жанындағы Сырдария өзеніне көпір салу жұмыстары қашан басталады?

Администратор 24.07.2013

Меруерт сауалыңызға рахмет. Қала аумағын кеңейтуге әрі инфроқұрылымды дамытуда бұл көпірдің маңызы ерекше болғалы тұр. Қазірде Сырдария өзеніне салынатын көпірдің мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленді. ҚР өңірлік даму министрлігі арқылы көпір құрылысына 5,9 млрд. теңге қаражат бөлу туралы ұсыныс берілді. Көпір құрылысы келесі жылы басталады деп жоспарлап отырмыз.