ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.

  • Сұрақтар: 49
  • Жауаптар: 46
  • 23.07.2013
  • 25.07.2013
  • Қызылорда облысының әкімі

Пірімова Гүлдана Әбілханқызы 25.07.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Облыс орталығында қазірде көптеген уақыт талабына сай келетін жаңа аурухана, емхана көптеп бой көтеріп жатыр. Бірақ, аудандарда да осындай денсаулық сақтау нысандары қашан салына бастайды?

Администратор 25.07.2013

Құрметті Гүлдана. Егер зер салып қарайтын болсаңыз денсаулық сақтау саласында мемлекеттік бағдарламалар арқылы көптеген жаңа нысандар ауыл-аймақтарда, аудандар да салынуда. Мәселен биылғы жылдың өзінде 15 ауылдық амбулаторияның құрылысы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында салынып, пайдалануға беріледі. Сонымен қатар Шиелі кентінде ауысымына 250 келушіге арналған емхана, Жалағаш кентінде ауысымына 250 келушіге арналған емхана, Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде ауысымына 250 келушіге арналған емхана беріледі. Жуырда ғана Төретам кентінде қажетті медициналық техникасымен жабдықталған 100 орындық емхана пайдалануға беріледі. Бұл медициналық кешен Ақай ауылының да тұрғындарына қызмет жасайды.