СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ С.С. ЕСКЕНДІРОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Сапарбекұлы Ескендіровтің қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 53
- Жауаптар: 53
- 07.08.2013
- 09.08.2013
- Солтүстік Қазақстан облысының әкімі - Самат Сапарбекұлы Ескендіров
Жақып Мырзантай Қожабайұлы 07.08.2013, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Самат Сапарбекұлы!
Біздің туыстарымыз Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Белое ауылының Октябрьская көшесі, 2 үй мекен-жайы бойынша тұрады. Жақында туыстарымыздың үйіне қонаққа барып қайттық. Белое ауылының қазіргі жағдайын көріп, көңіліміз қатты жабырқап, аудан, облыс басшыларына қатты ренжіп қайттық. Өйткені облыс орталығы Петропавл қаласының түбінде тұрған Белое ауылының көшелеріне, әсіресе Октябрьская көшесіне асфальтты айтпағанда, мүлдем тас та төселмеген. Көшелер әбден ойылып, тозығы шығып кеткен. Көлік былай тұрсын, жаяу адамның өзі жүре алмайды. Жаңбыр жауып тұрған кезде Октябрьская көшесі, 2 мекен-жайындағы туыстарымыздың үйіне әзер дегенде жеттік. Белое ауылына ауыз су жүйесі де тартылмаған екен. Белое ауылының тұрғындары ауыз суды Петропавл қаласынан сатып алып, тасып әкеліп ішеді екен. Туыстарымыздың айтуынша, қыс кезінде де Белое ауылының Октябрьская көшесі қардан мүлдем тазартылмайтын болып шықты. Күз, қыс және көктем мезгілінде ауыл көшелері жаңбыр суы мен қарға толып жатса, жаз кезінде шаң-топыраққа батып жатады. Қазіргідей өркениет дамыған заманда, Елбасымыз шенеуніктерге барлық жағдайды жасап, тек қана жұмыс істеуді ғана талап етіп отырған кезде Солтүстік Қзақстан облысы орталығының дәл түбінде орналасқан Белое ауылының әлеуметтік ахуалы осыншалықты құлдырап кеткені қалай сонда? Белое ауылының көшелеріне, әсіресе Октябрьская көшесіне басынан соңына дейін тас төсеп, жөндеп, ретке келтіріп қоюға, Белое ауылының тұрғындарын таза ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етуге бюджеттен мүлдем қаражат бөлінбейтін болғаны ма? Неге аудан және ауыл әкімдері осы мәселені шешуге іс-әрекет етпеген? Сізге біздің үлкен өтінішіміз - Белое ауылының Октябрьская және басқа да көшелеріне тас, асфальт төсетіп, ретке келтіруге және Белое ауылының тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз етуге аудан және ауыл әкімдеріне, облыстың басқа да мекеме, ұйымдарының басшыларына тапсырма беруіңізді, осы мәселелерді өзіңіздің жеке қатаң бақылауыңызға алуыңызды сұраймыз!
Администратор 09.08.2013
Құрметті Мырзантай Қожабайұлы! 2011-2012 жылдары «Альфа Север» ЖШС су тарату желілерінің құбырын салу бойынша жұмыстар жүргізілді, нәтижесінде жүргінші жолы аздап бүлінді. Аудан әкімдігімен Белое с. су тарату желілерінің құбырын салу кезінде жіберілген бұзушылықтарды жою жөнінде «Альфа Север» ЖШС фирмасының басшысына хат жолданды. Қысқы кезеңде ауыл ішіндегі жолдары «Грац» ЖК және «Әмірханов» ЖК жергілікті ауыл шаруашылық құрылымдарының МТЗ 80 (2 дана санымен) техникасының күшімен тұрақты түрде тазартылып тұрды. Алайда қардың молынан жаууына байланысты атқарылған жұмыстар өз нәтижесін бермеді. Белое селосындағы сумен жабдықтау объектісі 2012 жылғы желтоқсанда пайдалануға берілді және бүгінгі таңда Белое с. тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Тұрғындарды сумен жабдықтаудағы үзілістер тұтынылған электр қуатына уақытында төлем жүргізбегені үшін электр қуатын сөндірумен байланысты болды.