АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰХАМБЕТОВ АРХИМЕД БЕГЕЖАНҰЛЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Ақтөбе облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлымен «Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 16
- Жауаптар: 16
- 27.05.2015
- 27.05.2015
- Ақтөбе облысының әкімі
Мәдина 27.05.2015, Сұрақ нөмірі:
Саламатсыз ба! Жетім, ана-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды кезекке қою жасы қандай және кезекте тұрған балаларға қандай жеңілдіктер бар?
Администратор 27.05.2015
ҚР«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана тұрғын үйге мұқтаж осы елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан) тұрақты тұратын кәмелетке толғанға дейін ата – аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа жетпеген жетім балаларға беріледі. ҚР “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңына сәйкес Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және кәмелетке толғанға дейін ата – аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа жетпеген жетім балалар ғана мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді бірінші кезекте алуға құқылы. 2013 жылғы ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген –өгерістерге орай мемлекеттік тұрғын үй қорынан тапсырылатын тұрғын үйдің 20 %-ы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға кезек ретімен беріледі. Қолданыстағы Заңға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу мәселесі коммуналдық (жалдамалы) тұрғын үйдің салынып және тапсырылу шамасына қарай кезек тәртібімен беріледі.