ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ С АКИМОМ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ КОКРЕКБАЕВЫМ КАРИМОМ НАСБЕКОВИЧЕМ О ХОДЕ РЕАЛИЗАЦИИ ПОСЛАНИЯ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН НАЗАРБАЕВА Н.А. НАРОДУ КАЗАХСТАНА

Интернет-конференция с акимом Жамбылской области Кокрекбаевым Каримом Насбековичем «О разъяснениях Послания Президента Республики Казахстан – Лидера Нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана от 11 ноября 2014 года «Нұрлы жол – путь в будущее», а также ходе его реализации»

  • Сұрақтар: 23
  • Жауаптар: 23
  • 01.07.2015
  • 03.07.2015
  • Аким Жамбылской области

Мекемова Анара 02.07.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Кәрім Насбекұлы! Жамбыл облыстық қазақ драма театрына келесі жылы 80 жыл толмақшы. Осы мерейтойға дайындық барысы қалай? Жалпы бүгінгі театрдың шығармашылық деңгейі жөнінде білсем.

Администратор 03.07.2015

Құрметті Анар, сұрағыңыз өте орынды. Ең бірінші айтатын мәселе, театр ғимаратына ұзақ жылдардан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген еді. Биыл республика бойынша өтетін Қазақ хандығының 550 жылдығына қаралған қаржыны тиімді пайдалану есебінен театрды күрделі жөндеуден өткізуді қолға алдық. Жөндеу жұмыстары бүгінгі күнге қарқынды жүргізілуде. Нысанды тапсыру мерзімі тамыз айының соңына жоспарланған. Демек, театр кыркүйек айында жаңа 80 – ші театр маусымын жақсы жағдайдағы ғимаратта ашатын болады. Ал театрдың шығармашылық деңгейіне келсек, биылғы жылдың өзінде У.Шекспирдің «Отелло», М.Әуезовтың «Еңлік – Кебек» сияқты әлем және қазақ классикалары сәтті сахналануда.