МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АЙДАРБАЕВ А.С. ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Маңғыстау облысының әкімі Айдарбаев А.С. интернет-конференция
- Сұрақтар: 13
- Жауаптар: 13
- 08.09.2015
- 08.09.2015
- Аким Мангистауской области
Қосарханоа Ербосын Аманбаевич 08.09.2015, Сұрақ нөмірі:
Сіздңң қабылдауыңызға кіре алмай жүргеніме,екі жылдан асты. Тіркелуге барғанмын,қабылдамаймыз деп шығарып салды? Осының жауабын берсеңіз? Рахмет.
Администратор 09.09.2015
Құрметті Ербосын Аманбайұлы! Маңғыстау облысы әкімінің аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру тәртібі бойынша облыс әкімінің жеке қабылдауына ұсынылатын мәселе бойынша өтініш берушіден жазбаша өтініш беру сұралады. 2013 - 2014 жылы және ағымдағы жылы Сіздің атыңыздан облыс әкімінің жеке қабылдауын сұрап өтініш түспегендігін мәлімдейміз. Сіздің 08.10.2013 жылы облыс әкімінің атына жұмысқа орналастыруға ықпал етуді сұрап жазған өтінішіңіз қаралып Түпқараған ауданы әкімдігі тарапынан Сізге жауап жолданған. 24.04.2014 жылы жұмысқа орналастыруға ықпал етуді сұрап жолданған өтінішіңіз облыс әкімінің тапсырмасы бойынша облыс әкімінің орынбасары Ш. Илмұханбетовамен қаралып, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен Сізге Ақшұқыр ауылының мәдениет үйін жөндеу жұмысы ұсынылғандығын қаперіңізге береміз.