МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АЙДАРБАЕВ А.С. ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Маңғыстау облысының әкімі Айдарбаев А.С. интернет-конференция
- Сұрақтар: 13
- Жауаптар: 13
- 08.09.2015
- 08.09.2015
- Аким Мангистауской области
Муратова Ғилан 08.09.2015, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Алик Серікұлы!
Мен Сайын ауылында тұрамын Ауылымызда 320 орынды мектеп бар. Бірақ, халық санының жылдан жылға өсуіне байланысты мектепте оқитын балалар саны артуда. Былтыр Ақшұқыр ауылында салынған жаңа мектепке оқушылар ауысса да орын тапшы болып отыр. Сондықтан Сайын ауылында мектеп салу жоспарда бар ма?
Администратор 09.09.2015
Құрметті Ғилан Мұратова! 2020 жылға дейінгі бекітілген қадамдық жоспар бойынша Сайын Шапағатов елдімекенінде 600 орынды мектептің жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып, мемлекеттік сараптамаға тапсырылды. 2017 жылы бюджеттің жоспарына енгізілді.