ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.

  • Сұрақтар: 49
  • Жауаптар: 46
  • 23.07.2013
  • 25.07.2013
  • Қызылорда облысының әкімі

Айжан Ниязбайқызы 24.07.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Қырымбек Елеуұлы, мен Қызылорда қаласы 3 укрупненный квартал тұрғынымын.Осы 3 укрупненный квартал №3 үйдің алдында балалар ойын алаңы бар,бірақ өкінішке орай тозып кеткен.Осы ойын алаңын қолға алып, ретке келтірілсе, яғни балаларға ойнауға лайық етіп жасалса екен деймін.Осы мәселені қолға алсаңыз нұр үстіне нұр болар еді.Сонымен қатар 3 укрупненный квартал №4 үйдің қасында қоқыс жәшіктері үнемі тазаланбай бүкіл ескі базардың қоқысына лық толы.Осы мәселені де шешуіңізді сұраймын. Рахмет.

Администратор 25.07.2013

Құрметті Айжан Ниязбайқызы! Биыл қала бойынша 23 көпқабатты тұрғын үйдің аулаласына спорт алаңдарын салуға 103,0 млн теңге қаражат бөлініп, қазіргі күні құрылыс жұмыстары басталды. Дегенмен, Сіз тұратын III ірілендірілген квартал аумағында 2007 жылы демеушілік есебінен салынған спорт ойын алаңы қанағаттанарлық жағдайда деп танылғандықтан, жаңадан спорт ойын алаңын салу жоспарға енгізілмеген. Қазіргі күні бұл ойын алаңдарының күтіп ұсталуы сол аумаққа жақын орналасқан мектепке бекітілген. Алдағы уақытта ойын алаңдары қайта зерделеніп, тиісті жөндеу жұмыстары жүргізіледі. III ірілендірілген квартал аумағы қала әкімдігіне қарасты «Қызылорда Тазалығы» ЖШС-гі арқылы үнемі тазаланып отырады. Дегенмен, «Ескі базар» аумағында кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар қоқысты бей-берекет тастап, қала тазалығына кері әсерін тигізіп отыр. Осыған орай, қаланың орталық көшелеріндегі, яғни Әйтеке би, Тоқтыбаев, Әбуов көшелері бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандарға қоқыс жәшігін орнату, әр сенбі күндері сенбілікке шығып, тазалық жұмыстарын жүргізу қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстары және арнайы аралау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, қалалық ішкі істер басқармасымен бірлесіп санитарлық тазалықты бұзу деректерін болдырмау бағытында алдын алу шараларын жүргізу, құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес хаттама толтырылып, ескерту, айыппұл салу шаралары қолданылуда.