АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ И.Н. ТАСМАҒАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.А. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Астана қаласының әкімі И.Н. Тасмағамбетовтің қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» Интернет-конференция
- Сұрақтар: 48
- Жауаптар: 46
- 29.04.2013
- 30.04.2013
- Аким города Астана
Тоқжолов Шоқан Болатұлы 29.04.2013, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Иманғали Нұрғалиұлы! Сізге Қызылорда қаласынан хат жазып отырмыз. Астана қаласында коммуналдық төлемақыларды бір төлем құжатымен төлеу мүмкіндігі қарастырылғандығын білеміз. Бізде де дәл сондай жоба әзірленіп, іске қосылған болатын. Тек бір әттеген айы, сол жоба бойынша Бірыңғай есептесу орталығы коммуналдық қызмет көрсетуде қордаланған қарызы бар борышкер тұтынушыларға Заң бойынша ешқандай мәжбүрлеп өндіру жұмыстарын атқара алмайтындығы. Негізгі сұрағым: біріншіден, Астана қаласының әкімшілігі осы орталықтың шығынын жергілікті бюджет есебінен жабады ма? Жапса, қандай көлемде? Екінші сұрағым, борышкерлерден қарызын өндіртіп алу барысында аталған орталық қандай іс шаралар ұйымдастырады? Жауабыңызға рахмет.
Администратор 03.05.2013
- Шоқан Болатұлы, «Астана-ЕРЦ» ЖШС өз қызметін Серіктестіктің Жарғысы негізінде жүргізуде. Аталған Жарғыға сәйкес, аталған серіктестік тұтынушылардан коммуналдық және басқа да қызметтерге арналған қарыздарды жинаумен де айналыса алады. Алайда, қазіргі уақытта, Серіктестік коммуналдық қызметтерді орындаушылар тарапынан коммуналдық және басқа да қызметтер үшін тұтынушылардан қарыздарды өндіріп алу туралы талап болмағандықтан, жоғарыда аталған қызмет түрін көрсете алмайды. Сондықтан да, қазір тек коммуналдық қызметтерді орындаушылармен арадағы келісім-шарттар аясындағы міндеттемелерді орындап, біріңғай төлем құжаттарын әзірлеп және оларды тұтынушыларға жеткізіп жүр.