АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Атырау oблысының әкімі Ізмұхамбетов Бақытқожа Салахатдинұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 35
- Жауаптар: 35
- 28.05.2013
- 30.05.2013
- Атырау облысының әкімі
Мадина Муратова 29.05.2013, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бақтықожа Салахатдинұлы! Мен Балықшы кенттік округіне қарасты Отаралиев атындағы орта мектеп мұғалімімін. Осы қалаға қосылу мәселесі көп айтылып кетті. Мені қатты мазалайтыны - қалаға қосылған жағдайда еңбекақымызға қойылатын коэффициент сақтала ма?
Администратор 03.06.2013
К.Мәсімовтің төрағалығымен өткен Республикалық өңіраралық комиссияның әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі отырысының хаттамалық шешімін орындау мақсатында Атырау облысы бойынша кенттік және селолық округтерді оңтайландыруға байланысты бірқатар жұмыстар атқарылып, Атырау қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, Балықшы кенттік округі Атырау қаласының құрамына енгізіліп, Балықшы кенті құрамына Ақжайық, Водниково, Көкарна және Құрсай елді мекендері кіретін «Балықшы селолық округі» болып өзгертілді. Жоғарыда аталғанның негізінде Сіз Балықшы селолық округіне қарасты Ақжайық елді мекенінің Марат Отаралиев атындағы негізгі мектебінде жұмыс жасайтын болсаңыз, сіздің еңбекақыңызға қосылатын үстемеақы сақталады.