ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ С АКИМОМ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ КОКРЕКБАЕВЫМ КАРИМОМ НАСБЕКОВИЧЕМ О ХОДЕ РЕАЛИЗАЦИИ ПОСЛАНИЯ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН НАЗАРБАЕВА Н.А. НАРОДУ КАЗАХСТАНА
Интернет-конференция с акимом Жамбылской области Кокрекбаевым Каримом Насбековичем «О разъяснениях Послания Президента Республики Казахстан – Лидера Нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана от 11 ноября 2014 года «Нұрлы жол – путь в будущее», а также ходе его реализации»
- Сұрақтар: 23
- Жауаптар: 23
- 01.07.2015
- 03.07.2015
- Аким Жамбылской области
Сейтқадырова Әсел 02.07.2015, Сұрақ нөмірі:
Мүгедектерге әлеуметтік маңызы бар нысандарға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
Администратор 03.07.2015
Құрметті Әсел, сұрағыңызға рахмет. Сіз көтеріп отырған мәселе өзектілігін жоғалтқан емес. Сондықтан облыс көлемінде келесідей бір-қатар жұмыстар атқарылуда. Облыстағы бейімдеуге жататын 899 нысан анықталып, маңыздылығына қарай 2013-2018 жылдарға бөлініп, паспорттары жасалынды, яғни Ұлттық жоспардың 1-ші кезеңі – түгендеу жұмыстары толығымен орындалған. Сонымен қатар, 2013 жылы біздің облысымыз Республика көлемінде бірінші болып, бейімдеу жұмыстарды сол кездегі стандарттарға сәйкес басталған еді. Бүгінгі күнге стандарттардың талаптары өзгеруде. Осыған орай, бейімделген 349 нысандар стандарттардың жаңа талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, бүгінгі күнге 95 жол белгілері, 34 синхронды дыбысы бар арнаулы бағдаршамдар орнатылып және жергілікті телеарналар арқылы көрсетілетін ақпараттарды сурдо аудармамен қамтамасыз етуде.