МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АЙДАРБАЕВ А.С. ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Маңғыстау облысының әкімі Айдарбаев А.С. интернет-конференция

  • Сұрақтар: 13
  • Жауаптар: 13
  • 08.09.2015
  • 08.09.2015
  • Аким Мангистауской области

Байбметова Нагима Сулейменовна 08.09.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Мен Шетпе селосының Ащыбұлақ шағын ауданының тұрғынымын. Қазір ауылымыз жыл санап үлкейіп, өрсіміз кеңейіп келеді. Ащыбұлақ шағын ауданынан әсем де әдемі үйлер мен жеке меншік нысандар салынып ауыл сәнін келтіруде. Қазіргі таңда балаларымыз орталық ауданда орналасқан мектептерге қатынап қиындық туып жүр. Сізден осы шағын ауданнан орта мектеп салып беруге мүмкіншілік бола ма? Өзім көп балалы анамын.Осы ретте балаларымыздың жағдайын жасап ,ел ертеңі үшін деморгафияны жақсартуға үлес қосықм келеді. Рахмет алдын ала.

Администратор 09.09.2015

Құрметті Нағима Сүлейменқызы! Шетпе селосының Ащыбұлақ шағын ауданынан 600 орындық мектеп құрылысының ЖСҚ дайын. Осы шағын ауданнан 2016 жылы мектеп құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз.