ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.А. БОЗЫМБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Жамбыл облысының әкімі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 10.07.2013
- 12.07.2013
- Жамбыл облысының әкімі
Алиева Алма 12.07.2013, Сұрақ нөмірі:
Тараз қаласында салынып жатқан «Атшабар» үлескерлік тұрғын үй кешенінің тоқтап қалған құрылысы бойынша қандай шаралар қолданып жатыр.
Администратор 12.07.2013
Құрметті Алма! Кезінде бұл кешеннің құрылысы қарқынды басталған, бірақ «Атшабар» үлескерлік тұрғын үй кешенінің құрылысы «НПТЦ «SNS» ЖШС иесі Е.Қайырбековтың қайтыс болуына байланысты, қазір инвестор «Каз Мұнай Груп – Евразия» ЖШС мен «АТФ Банк», «Каспий Банк» әкімшілігімен «НПТЦ «SNS» ЖШС құрылыс компаниясының тарапынан алынған несиелері бойынша келіссөздер өтуде. Бүгінгі күні мүліктік меншікке Е.Қайырбековтың зайыбы мен «АТФ Банкі» арасында Алматы қаласында Халықаралық Третейский сотта 2012 жылдың сәуір айынан бастап сот процестері өтуде. Сот әрдайым кейінге шегеріліп, шешімінің шығатын мерзімі белгісіз болып отыр. Сонымен қатар, алдағы күндері облыс әкімдігінде «АТФ Банкінің» басшылыгымен мәселені жедел шешу мақсатында кездесу жоспарланып отыр.