ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ КӨШЕРБАЕВ ҚЫРЫМБЕК ЕЛЕУҰЛЫМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Қызылорда облысының әкімі Көшербаев Қырымбек Елеуұлымен интернет-конференция

  • Сұрақтар: 18
  • Жауаптар: 12
  • 22.06.2015
  • 22.06.2015
  • Аким Кызылординской области

Абдраймова Жамила Мусахметовна 22.06.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сәлеметсіз бе, құрметті Қырымбек мырза! Менің сұрағым медицина саласына қатысты еді. Алдымен Елбасына және Сізге алғысымды айтқым келеді, ана мен бала денсаулығына қамқор болып, Қызылордадан заманауи ана мен бала орталығын ашып бергендеріңізге. Және де Сізге бір өтінішім бар еді. Экологиялық ахуалға байланысты мен сияқты көптеген қыз-келіншектер бала сүйе алмай жүр. Алматы, Астанаға барып емделуге қалтамыз көтермейді. Квотамен бару үшін тіркелген адамдар саны көп, ал жолдамалар жеткіліксіз. Сондықтан квоталар саны мүмкіндігінше ұлғайтылса екен деймін.

Администратор 22.06.2015

Сұрағыңыз өте орынды. Қазіргі таңда Қызылорда облысы бала туу көрсеткіші бойынша республикада үшінші орынды иеленеді. Дегенмен, кейбір қыз-келіншектеріміз ана болу бақытына жете алмай жүр. Сондай-ақ, бұрын аймағымызда адам өлімі мен бала шетінеуі мәселелері мазалайтын. Соған байланысты 2013 жылы «Денсаулық сақтау жол картасы» жасақталды. Онда облысымыздың денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары қарастырылды. Нәтижесінде аурушаңдық көрсеткіштері азайып, бала өлімі 34,7 пайызға төмендеді. Бұл көрсеткіш бойынша біз республика бойынша маңдайалды аймақтар қатарындамыз. Өйткені, дәрігерлеріміз баланы алғашқы күндерінен-ақ күтіп-баптап, аман-сау сақтап қалуға барын салады. Тағы бір айтар жағымды жаңалығым бар. Осы жаңадан салынған заманауи перинаталдық орталығы жанынан жақын арада жасанды ұрықтандыру орталығы ашылатын болады. Сөйтіп, азаматшаларымыз басқа қалаларға бармай-ақ, өзімізден бала сүю қуанышына бөлене алады. Әрине, орталық ашылып толық іске қосылғанша квота санын да мүмкіндігінше ұлғайтуға тырысамыз.