ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ С АКИМОМ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ КОКРЕКБАЕВЫМ КАРИМОМ НАСБЕКОВИЧЕМ О ХОДЕ РЕАЛИЗАЦИИ ПОСЛАНИЯ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН НАЗАРБАЕВА Н.А. НАРОДУ КАЗАХСТАНА
Интернет-конференция с акимом Жамбылской области Кокрекбаевым Каримом Насбековичем «О разъяснениях Послания Президента Республики Казахстан – Лидера Нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана от 11 ноября 2014 года «Нұрлы жол – путь в будущее», а также ходе его реализации»
- Сұрақтар: 23
- Жауаптар: 23
- 01.07.2015
- 03.07.2015
- Аким Жамбылской области
Сапарбеков Бектас Бақытжанұлы 03.07.2015, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Кәрім Насбекұлы! Біздің Құлан ауылында шамамен 19 мыңға жуық халық тұрады. Осындай ірі елді мекенде халықтың жүйелі түрде спортпен шұғылдануы үшін бір денешынықтыру-сауықтыру спорт кешенін салу мүмкіндігін қарастырсаңыз деген сұранысымыз бар.
Администратор 03.07.2015
Құрметті Бектас Бақытжанұлы, сұрағыңызға рахмет. Сіз көтеріп отырған мәселені біз жақсы білеміз, сондықтан 2016-2017 жылдарға республикалық бюджет есебінен 70%-дық қаржыландырылуын ескере отырып, жергілікті бюджет есебінен сметалық құнынан 30% көлемінде Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында 160 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын жоспарлағанбыз. Сонымен қатар, бұл нысандардың құрылысын жүргізу үшін, бюджеттік өтінімдері, сондай-ақ, қажетті құжаттар (жобалық-сметалық құжаттамалар, сараптамалық қорытынды, т.б. құжаттар) ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне тапсырылған. Алдағы уақытта қаржы бөлінген жағдайда мәселеңіз шешімін табатын болады деп есептейміз.