МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.С. АЙДАРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Маңғыстау облысының әкімі Алик Серікұлы Айдарбаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 27
- Жауаптар: 27
- 25.06.2013
- 27.06.2013
- Маңғыстау облысының әкімі
Айтымов Калдыбай 27.06.2013, Сұрақ нөмірі:
Кұрметти әкім мырза!
Мен Қарақия ауданының тұрғынымын. "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы аясында тұрғын уй салынуы туралы айтсаныз.
Администратор 27.06.2013
Құрметті Айтымов Калдыбай! Сұрағыңызға рахмет! Қарақия ауданы бойынша 781 адам тұрғын үй алу кезегінде тұр. 2012-2013 жылдары «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында тұрғын-үй құрылыстары Қарақия ауданының барлық елді мекендерін қамтып отыр. Биыл тапсырылатын тұрғын үйлер: - Құрық селосында 24 пәтерлік 4 қабатты 2 коммуналдық тұрғын үй, - Мұнайшы кентінде 24 пәтерлік 4 қабатты 1 коммуналдық тұрғын үй, - Сенек селосында 2 пәтерлік 4 үй, - Бостан селосында 2 пәтерлік 4 үй, Құланды селосында 2 пәтерлік 6 үй. Ізгі ниетпен, А. Айдарбаев.