АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Т. МҰСАХАНОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Алматы облысының әкімі А.Т. Мұсахановтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 44
  • Жауаптар: 44
  • 17.04.2013
  • 19.04.2013
  • Алматы облысының әкімі

Қасенова Гүлфайруз 18.04.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сәлеметсізбе! Тұрғын үй көмегі қандай жағдайда тағайындалатыны жөнінде айтып берсеңіз.

Администратор 19.04.2013

Тұрғын үйді күтіп ұстауға арналған шығыстар, коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері шегіндегі төлемдер, телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтері шығындары, жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысы отбасы жиынтық табысының 10% үлесінен асып тұрғанда, екеуінің айырмасы ретінде тұрғын үй көмегітағайындалады.