АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Т. МҰСАХАНОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Алматы облысының әкімі А.Т. Мұсахановтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 44
  • Жауаптар: 44
  • 17.04.2013
  • 19.04.2013
  • Алматы облысының әкімі

Құтанов Тұрсын 18.04.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Ауыл тұрғындарына ең тиімді кәсіп - мал ұстау. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ірі қараны қалай сатып алуға болады?

Администратор 19.04.2013

«Сыбаға» бағдарламасы «Аграрлық несие корпорациясы» және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-дары арқылы қаржыландырылады. Несие заңды және жеке тұлғаларға етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы мен бұқаны стып алу, негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу, қарыздың жалпы көлемінің 15% аспайтын сомада айналымдағы қаражатты толықтыруға беріледі.Несие 18 миллион теңгеге дейін, 2-7 жыл мерзімге, 6% сыйақымен беріледі. Сыйақыны төлеуде 12 айға жеңілдетілген кезең қарастырылған. Несие алушыға қойылатын талап - төлем қабілеттілігі, мерзімі өткен берешегінің болмауы қажет, мал ұстауға қажетті инфрақұрылымның, ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздік жағдайы мен азықтық қоры болуы тиіс. Сонымен қатар, ірі қара мал санының 25% өз малы болуы тиіс, болмаған жағдайда қарыз алушы сатып алынатын ірі қара мал саны құнынан 25% тең қаржыландыруды қамтамасыз етеді.