АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Т. МҰСАХАНОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Алматы облысының әкімі А.Т. Мұсахановтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 44
  • Жауаптар: 44
  • 17.04.2013
  • 19.04.2013
  • Алматы облысының әкімі

Сейсебаев Ғалымбек 18.04.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті әкім мырза! Дәндік жүгеріге субсидия алудың қандай жолдары бар? Алдын ала жауабыңызға рахмет.

Администратор 19.04.2013

Дәндік жүгері өсірумен айналысатын шаруашылықтар жергілікті бюджеттің «Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май мен басқа да тауарлы-материалдық құндылықтардың құнын арзандату» бағдарламасы шеңберінде субсидия алуға болады. Ол үшін, аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөлімдеріне субсидия алу жөнінде өтiнiм, заңды тұлға болса - мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң, жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың, дара кәсiпкерге - мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк көшiрмесін, жер учаскесiне сәйкестендiру/құқық белгiлейтiн құжат, болмаса қаржы лизингi шартының көшiрмелерiн, нөмiрi көрсетiлген банк анықтамасын тапсыру қажет.