АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Т. МҰСАХАНОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Алматы облысының әкімі А.Т. Мұсахановтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 44
  • Жауаптар: 44
  • 17.04.2013
  • 19.04.2013
  • Алматы облысының әкімі

Саудабаев Қанағат 18.04.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Аңсар аға! Менің шаруа қожалығым бар еді. Мал шаруашылығына қандай мемлекеттік көмектер бар? Сол туралы айтып беруіңізді сұраймын.

Администратор 19.04.2013

Мал шаруашылығы саласын қолдауға мемлекет тарапынан «Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру», «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау» бюджеттік бағдарламалар шеңберінде субсидия беріледі. Бағдарламаларды іске асыру механизмі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітіліп, бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстарында жарияланады. Ауыл шаруашылығы құылымдарының өндірген өнімі мен асыл тұқымды мал басы Қаулы талаптарына сайкес болған жағдайда, аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөліміне субсидия алуға қатысты өтінім беру қажет.