ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ С АКИМОМ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ КОКРЕКБАЕВЫМ КАРИМОМ НАСБЕКОВИЧЕМ О ХОДЕ РЕАЛИЗАЦИИ ПОСЛАНИЯ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН НАЗАРБАЕВА Н.А. НАРОДУ КАЗАХСТАНА

Интернет-конференция с акимом Жамбылской области Кокрекбаевым Каримом Насбековичем «О разъяснениях Послания Президента Республики Казахстан – Лидера Нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана от 11 ноября 2014 года «Нұрлы жол – путь в будущее», а также ходе его реализации»

  • Сұрақтар: 23
  • Жауаптар: 23
  • 01.07.2015
  • 03.07.2015
  • Аким Жамбылской области

Дауешов Мурат Еркимбекович 03.07.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Елбасы жолдауындағы Атырау мен Тараздағы "Ұлттық индустриялық мұнай химиясы технопаркі" арнайы экономикалық аймақтары инфрақұрылымдарына 81 миллиард теңге бағыттауды тапсырған болатын. Осы "Ұлттық индустриялық мұнай химиясы технопаркі" облысымыздың қай аймағында орналасатын болады?

Администратор 03.07.2015

Құрметті Мұрат Еркімбекұлы, сұрағыңызға рахмет. Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Сіз көтеріп отырған мәселелер айтылғаны рас. Соның ішінде Жамбыл облысының Шу ауданында арнайы экономикалық аймақ – «Тараз химиялық паркі» орналасатын болады. Бұл біріншіден, арнайы тәртіпті қолдану инвестицияларды тарту және инновациялық технологияларды енгізу үшін қолайлы жағдай туғызады, бұл өз кезегінде жалпы өндірістің бәсекеге қабілеттілігіне оң әсер етеді. Жалпы Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, республика бойынша 10 арнайы экономикалық аймақ құрылған. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қатысуымен Жамбыл облысында «Тараз» химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның негізгі мақсаты – жоғары тиімді технологияларға негізделген химиялық өнімнің жаңа экспортқа бағытталған өндірістерін құру. Химиялық парк территориясында инвестиция көлемі 390 млрд. Теңгені құрайтын 16 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. 2017 жылы «Тараз» химиялық паркі» АЭА территориясында шығарылған өнім көлемі алдын-ала болжам бойынша құны 101 млрд. тенге болатын 890 мың тонна өнімді құрайтын болады.