ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРЫН ЕРЛАН МҰХТАРҰЛЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Павлодар облысының әкімі Арын Ерлан Мұхтарұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 57
- Жауаптар: 57
- 16.10.2013
- 18.10.2013
- Павлодар облысының әкімі - Арын Ерлан Мұхтарұлы
самат өтемұратов 18.10.2013, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Ерлан Мұхтарұлы!
Көрнекі ақпараттағы қателер бойынша жауапкершілікке тарту қарастырылған ба?
Администратор 18.10.2013
Көрнекі ақпаратта жіберілген қате үшін сол ақпаратты берген тұлға, мекеме не ұйым жауапты болады. Жарнама тақтайшасы, баннер, маңдайша мәтінінде жіберілген қате үшін әкімшілік жаза қолданылады. Егер көрнекі ақпараттағы қате үшін әкімшілік жазаға тартылған тұлға бір жыл ішінде тағы да қайталап қате жіберген болса, онда лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – он, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.